Этна жанартауы қайта оянып, Сицилиядағы әуе қатынасына әсер етті
Туристік маусым қызған шақта басталған жанартау атқылауы бірқатар әуе рейсінің орындалуына кедергі келтірді.
Сицилияда Еуропадағы ең биік белсенді жанартаулардың бірі – Этна қайта атқылай бастады. Күл бұлтының таралуына байланысты Катания әуежайы келетін рейстерді уақытша қабылдауды тоқтатты.
Жанартау атмосфераға қою түтін мен күл бұлтын шығарғаннан кейін Катания әуежайының әкімшілігі күл таралған аумақтағы әуе кеңістігіне шектеу енгізілгенін хабарлады.
Алғашында келетін ұшақтарды қабылдау түске дейін тоқтатылды. Сондай-ақ шектеулер туристердің түйісетін рейстері мен трансферлерінің кешігуіне себеп болуы мүмкін. Ал әуежайдан ұшатын рейстерді қалыпты кесте бойынша орындау жоспарланған.
Жанартау туристік маусымның қызған шағында атқылап отыр. Сицилия Италиядағы ең танымал туристік бағыттардың бірі саналады, ал Катания әуежайы аралдағы негізгі көлік тораптарының бірі болып табылады. 2024 жылы ол шамамен 12 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен.
Жолаушыларға сапар алдында әуе компаниялары мен әуежайдың ресми ақпаратын мұқият қадағалау ұсынылды.