"Этикет жоқ": Ақ үйге барған Макрон сынның астында қалды

Франция президенті Эммануэль Макрон Ақ үйде өткен жиыннан кейінгі ресми суретке түсіру кезінде дипломатиялық этикетті сақтамаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы поляк басылымы Fakt жазды.

Газеттің мәліметінше, суретке түсу сәтінде Макрон қолын қалтасына салып, салғырт қалып танытқан.

Мемлекеттік деңгейдегі мұндай маңызды шараларда қолды қалтаға салуға болмайды, - деп жазады басылым.

Авторлар француз көшбасшысының бұл әрекеті оның дипломатиялық протоколға ғана емес, кездесудің қорытындысына да салғырт қарағанын меңзеуі мүмкін екенін айтады.

Еске салайық, дүйсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Украина басшысы Владимир Зеленскийді, сондай-ақ Еуроодақ пен НАТО-ның бірқатар жетекшілерін қабылдады. Кездесуге НАТО бас хатшысы Марк Рютте, Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Германия канцлері Фридрих Мерц, Франция президенті Эммануэль Макрон, Финляндия президенті Александр Стубб және Италия премьері Джорджа Мелони қатысты.

Кездесуді қорытындылаған Дональд Трамп оны "өте жемісті" деп бағалады. Оның айтуынша, тараптар Украинаға әртүрлі еуропалық елдер арқылы, АҚШ-пен үйлестіру негізінде берілетін қауіпсіздік кепілдіктерін талқылаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы