Қандай ет адам ағзасына ауырлық түсіреді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаз, үйрек еті, сондай-ақ қой мен шошқа етінің адам ағзасына сіңуі қиын. Бұл туралы lenta.ru сайтында хабарланды.

Диетолог Марина Ваулинаның айтуынша, еттің ағзаға жылдам сіңуі оның қалай дайындалғанына байланысты. Суға, буға пісірілген немесе кез келген басқа «диеталық» әдіспен дайындалып, көкөніспен бірге жеген ет ағзаға жақсы сіңеді. 

«Тағам құрамына тауық, күркетауық және қоян етін қосқан дұрыс. Сондай-ақ, етті тағамдарға тұзды маринадтың орнына айран, соя тұздығы немесе лимон шырынын қосқан жөн», - деді сарапшы.

Маусым айында Окленд қаласындағы (АҚШ) балалар ауруханасының ғылыми-зерттеу институты ғалымдары қызыл және ақ ет қан құрамындағы холестеринді бірдей дәрежеде көтеретінін анықтаған. Зерттеушілердің айтуынша, кез келген ет түрін тұтыну холестеринді негізгі тасымалдаушылардың бірі – төмен тығыздықтағы липопротеиндердің құрамын жоғарылатады. Төмен тығыздықтағы липопротеинмен байланысты холестерин атеросклероздың дамуына ықпал ететіндіктен қауіпті болып саналады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы