Ет және құс өнімдері бір айда тағы 2%-ға қымбаттаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтар-шілдеде елімізде 193,2 мың тонна ет өнімі өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,3%-ға артық.

Еnergyprom.kz сараптамалық сайтының хабарлауынша, өңірлік бөліністе ет өнімдерінің басым бөлігі Алматы облысында өндірілген жылына 53,5 мың тонна. Екінші және үшінші орында Ақмола (47,1 мың тонна) және Шығыс Қазақстан (25 мың тонна) облыстары тұр.

2020 жылы фермерлер 2019 жылмен салыстырғанда 2,7%-ға аз ет өндірді. Яғни 295,4 мың тоннаға төмен.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар ет өніміне сұранысты (ішкі нарықта өткізу плюс экспорт) 87,8%-ға қамтамасыз ете алды. Ал бұл көрсеткіш 2020 жылы 85,8%-ды құраған болатын.

Импорт үлесіне тиісінше 12,2% тиесілі болды. Импорттаушылар елге 76,6 мың тонна ет өнімдерін әкелді. Бұл 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда 10,2%-ға аз.

Ішкі нарықта 609,7 мың тонна ет өнімдері сатылды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,2%-ға артық.

2021 жылдың қаңтар–маусым айларында елімізге 102,5 млн АҚШ доллары тұратын ет өнімдері әкелінді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 12,1%-ға аз.

Барлық өнімнің 51%-ы ТМД елдерінен әкелінді. Яғни 69,8 млн АҚШ доллары сомасына 39,1 мың тонна әкелінді. Импорт бойынша ҚР-да Ресей (17,3 мың тонна), Беларусь (13,3 мың тонна) және Украина (8,5 мың тонна) көш бастап тұр.

Ет өнімдері импортының қалған 49%-ы ТМД-ға кірмейтін елдерге тиесілі: 32,6 млн АҚШ долларға 37,6 мың тонна әкелінді. Мұнда АҚШ басты импорттаушы болды (34,4 мың тонна өнім).

Биылғы жылдың шілде айының қорытындысы бойынша ет өнімдері бір айда 2,1%-ға және бір жылда 8,6%-ға қымбаттады.

Еліміздің өңірлері арасында Маңғыстау облысы мен Шымкентте бірден 14%-ға қымбаттады. Бағаның айтарлықтай өсуі Түркістан (12,7%-ға) және Ақмола (10,2%-ға) облыстарында тіркелді.

Қой еті бір жылда 16%-ға қымбаттады, бір келісі үшін шамамен 2,3 мың теңге. Жылқы етінің бағасы 9,4%-ға (2,5 мың теңгеге), шошқа еті 8%-ға (1,8 мың теңгеге), сиыр еті - 7,7%-ға (2,2 мың теңгеге), құс етіне - 7,6%-ға (999 теңгеге) дейін өсті.

Пісірілген шұжық жылына 6,3%-ға (2,1 мың теңге), жартылай ысталған шұжық 9,2%-ға (2,5 мың теңгеге) дейін қымбаттады.

Соңғы бір жарым жыл ішінде Қазақстанда бұзау етінің бір келі үшін бағасы 1,5 мың теңгеден 3 мыңға жуықтады. Ресейлік өндірушілердің еті 20 пайызға арзан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жолдау-2021. LIVE
Өзгелердің жаңалығы