Қазақстан өзін ет өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған жоқ

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанда өндірілетін ет ішкі нарықтың 87%-ын ғана жауып отыр. Нарықтағы импорттың үлесі - 14,5%. 

Бұл туралы energyprom.kz порталы хабарлады. 

Агенттіктің мәліметінше, соңғы үш тоқсанның қорытындысы бойынша елімізде 879,5 мың тонна ет тұтынылған, ал өзімізде өндірілген еттің көлемі 754 мың тонна. Нарықтағы импорттың үлесі - 14,5%. Ал экспорт бар болғаны 2%-ды құрайды екен.

Ет индустриясында Қазақстанның деңгейі әлі де әлсіз болып қалуда. Мәселен, импортты шұжықтар отандық нарықтың 38% құрайды екен, ал экспорт жалпы өндірістің 1% деңгейінде, - делінген агенттіктің мәліметінде.

Сонымен қатар, етті өңдеу мен сақтау күші де төмен. Етті сақтау орындарының күші 38,7%-ды ғана қамтиды. 

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығындағы еті жеуге жарамды жануарлардың деградациясы байқалған. Үш жыл ішінде орташа жүктеме күші 77,2% дан 33%-ға дейін қысқарған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы