Есту қабілеті төмен спортшылар арасында Сурдлимпиадалық спартакиада бастау алды
5-10 Қыркүйек аралығында Шымкент қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында ІІІ Жазғы Сурдлимпиадалық спартакиадасы бастау алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бірнеше спорт түрінен өтетін спорттық жарыс араға 4 жыл салып Шымқалада өтіп жатыр.
Оңтүстіктің Шырайлы қаласында еліміздің мықты спортшылары жүзу, футбол, қол күрес, дзюдо, таеквондо, еркін күрсе, грек-рим күресі, жеңіл атлетика, дойбы(шашки), үстел теннисі спорт түрлері бойынша өз-ара додаға түсіп, үздіктері анықталып, жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтіп жатыр.
59 спортшы елорда намысын білек сыбана қорғауға кірісті. Алғашқылардың бірі болып қол күрес командасының спортшылары Жеңіс қоржына-1 алтын, 2 күміс,1 қола медальімен толтырды.
85 спортшы ішінен 100 кг салмақ дәрежесінде Хамзаев Ержан-1,Ночевчук Све +70 салмақ дәрежесінде -2,Шайхина Нургуль 60 кг салмақ дәрежесінде 2 орынға орнықты.
Командалық сайыста ұпай санының дәрежесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы 3 орынды иеленді.
Қол күрестен жарыс 9 салмақ дәрежесі бойынша өтті.Әр салмақ дәрежесінде шамамен 8-9 спортшы қатыстады.15 облыстан 85 қатысушының ішінде біздің команда 3 болып, топтан суырылып шыққандығы үшін қуаныштымын.Спортшыларыммен мақтанамын.Бүкіл қатысқан спортышар мүмкіндіктерінше бәсекестік танытты.Бәсекелстік басымыдылқ таныттты.Барлықтарының дайындық деңгейлері жақсы.Бірнеше команда ішінде жеңімпаз атанып, жүлделі 3 орынды алу бізге бұйырды. Алдымызда қараша айында Ташкент қаласында қол күрестен өтетін Азия кубогы бар.Толықтай дайындыққа кірісеміз. Алатын асулар, бағындыратын белестеріміз әлі алдыда деп сенемін,- деді қол күрес жаттықтырушысы Ахмедов Заир өз ойымен бөлісті.
Есту мүшесі зақымдалған спортшылар арасындағы ІІІ Жазғы Сурдлимпиадалық Спартакиадасында кезекті жеңіс дзюдо спорт түрінің спортшыларына бұйырыды.
100 кг салмақ санатында Хапизов Сабиржан -1 орын,60 кг салмақ санатында Бысыкатов Григорий -2 орын, 90 кг салмақ дәрежесінде Сатыбалдиев Тамирлан, 57 кг салмақ санатында Есмаганбетова Айнур -3 орын алды.
Естеріңізге сала кетейік, сурдо дзюдо қаламызда 2022 жылдың бас кезінде ғана ашылған болатын. Аз уақыт ішінде жоғары дәрежелі нәтиже көрсету нағыз-шеберлік.
Дерлік барлық жарыстардың дәстүрі бойынша ,спартакиаданың ашылу салтанаты дзюдодан өнер көрсетуден басталды.12 облыс бойынша 95 спортшы қатысты.Енді ашылып, дамып келе жатқан спорт түрі екенін ескергендігіне қарамастан барлық спортшылар алдыға қойған мақсаттарды мінсіз орындады.Спортшылар тер төгіп еңбектенді. Жүлде бізге бұйыратынына сенімді болдым. Сенімім ақталды. Алда Халықаралық дәрежедегі жарыстар күтіп тұр. Дегенмен,дзюдоның дамуына, ілгері жылжуы үшін көлемді жұмыс атқару керек,- дейді «Жас спорт түрінің» жаттықтырушысы Тауба Рамазан.
Жарыс жоғары деңгейде өтті.Қарсыластардың дайындығы да жақсы болды. Жүлделі орын алғаным үшін қатты қуаныштымын. Осы жеңіске жету үшін, аптасына 6 рет 5-6 сағаттан дайындық залында уақыт өткіздім. Жаттығу залында кардио, жаттығу жасау, жүгіру, күресу –дерлік барлығы күнделікті жаттығуымның бір бөлігіне айналды.Осы уақытқа дейін талай қиындықтар кездесті. Жарақат алдым, жеңіліс болды. Бірақ мойымадым, керісінше сол кезде сынбағанымның арқасында осы жеңіске қол жеткіздім. Ешқашан берілмеу керек екендігіне тағы да көзім жетті, - деп жарыс барысы туралы өз ойымен бөлісті 19 жасында дзюдоға келген Сабиржан Хапизов.
Спортшыларымызды жеңіспен құттықаймыз.