Эстония кинотеатрларда орыс тіліндегі дубляжға шектеу енгізбек

Эстония үкіметі тіл туралы заңға кинотеатрларда орыс тіліндегі дубляжға шектеу енгізетін түзетулерді ұсынып отыр. Өзгерістер 2026 жылдың жазында күшіне енуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Білім министрлігінің өкілі Кятлин Кивериктің айтуынша, билік тұрғындарды фильмдерді түпнұсқа тілінде көруге ынталандыруды көздейді. Оның сөзінше, эстон тіліне қолдаумен қатар ағылшын тілін де күшейту қажет екені байқалған.

Түзетулер балалар мен отбасылық фильмдерден басқа көптеген картиналарға әсер етеді. Кино саласының өкілдері бұл өзгеріс көрермен санын азайтуы мүмкін деп алаңдайды. Оппозиция заң жобасын шикі деп бағалап, биліктің ұстанымын «тым қатал» деп сынға алды.

Орталық партия депутаты Вадим Белобровцев билік орыс тілді халықты оқытудағы проблемаларды мойындаудың орнына жауапкершілікті кәсіпкерлер мен тұрғындарға жүктеп отырғанын айтты.

Заң жобасы парламентте екінші және үшінші оқылымнан кейін ғана қабылданады.

Эстонияда ресми дерек бойынша 285,8 мыңнан астам орыс тұрады — бұл ел халқының 20%-нан асады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы