Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа эстафетаға қатысты

 

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кішкентай балдырған қызымыз – Ләйлім-Шырақ Абайдың Жүз жетпіс бес жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын маған жолдаған екен. Мен бұл бастаманы зор қуанышпен қабылдадым. Хакім Абайдың есімі әрқашан қазақ халқымен қатар айтылады. Біз Абайды ұлықтау арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух дарытамыз. Абай арқылы Елімізді әлемге паш етеміз. Биыл отызыншы мамырда данышпан Абайдың Жүз жетпіс бес жылдығын республикалық деңгейде атап өту жөнінде арнайы Жарлыққа қол қойдым. Абай мұрасы – біздің қастерлі қазынамыз! Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаймын.

A post shared by QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online) on Jul 9, 2019 at 5:44am PDT

 

 

"Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы мектеп оқушысы қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған екен. Мемлекет басшысы Ләйлім-Шырақтың бұл ұсынысын зор қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатыңа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді", - деп жазылған әлеуметтік желідегі парақшада

 
Сондай-ақ, президент Абай өлеңдерін оқу эстафетасын одан әрі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы