Эспозито: GRECO-ға мүше елдер жылына 10-15 мың еуро жарна төлейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. GRECO ұйымына мүше әрбір мемлекет жыл сайын мүшелік жарнасын төлейді. Яғни, ұйымға жаңадан мүшелікке кірген Қазақстан да жыл сайын 10-15 мың еуро жарна төлейді. 

Яғни, ұйымға жаңадан мүшелікке кірген Қазақстан да жыл сайын 10-15 мың евро жарна төлейді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте өткен баспасөз конференциясында GRECO-ның атқарушы хатшысы Джанлука Эспозито мәлім етті. 

Иә, GRECO ұйымына мүше әрбір мемлекет жыл сайын мүшелік жарнасын төлейді. Алдағы 17 ақпанда өтетін комитеттің отырысында нақты шешім қабылдайтын боламыз. Орташа есеппен әр мемлекет ұйымға 10-15 мың еуро жарна төлейді, - деді спикер.  

Айта кетейік, GRECO әлемдегі ең ірі 4 мониторингтік халықаралық ұйымдардың бірі болып саналады. Бүгінде Қазақстан оның тең құқылы мүшесі атанып отыр.  
 

GRECO-ға Қазақстан 2009 жылдан бері мүшелікке өтуге ниетті болған. Сол уақытта Қазақстанды қабылдауға не кедергі болды. Және дәл қазір мүшелікке қабылдайтындай біздің елде не өзгерді? Бұл сұраққа да қатысты Джанлука Эспозито өз пікірін білдірді. 

Бұл сұрақ Қазақстанның меморгандарына қойылуы тиіс деп санаймын. Бірақ, баса назар аударғым келеді, кез келген ауқымды халықаралық ұйымға мүшелікке кіру тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Ең бірінші, GRECO-ның стандарттарына сай заңдық құжаттаманы айқындап, бекіту керек. Қазақстан бүгінде барлық ұсынымдарды орындап, жүзеге асырды, - деп мәлімдеді атқарушы хатшы.  

Ол GRECO ұйымына мүше елдердің коррупцияға қарсы қызметі қатаң ұстануы тиіс стандарттар бар екенін де айрықша атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы