Эсмигүл Күйлова дзюдодан Азиаданың қола медалін жеңіп алды
63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Эсмигүл Күйлова Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Медаль үшін күресте ол өзбек спортшысы Севинч Исокованы жеңді. Бұл Қазақстан құрамасының осы Азиададағы дзюдо бойынша үшінші медалі.
Кеше 48-ге дейінгі салмақтағы күмісті Абиба Абужақынова жеңіп алды, ал Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.
Жеңіс оңай берілмейді, бірақ бүгін Эсмигул жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Оның алда үлкен жеңістер күтіп тұрғанына күмәнім жоқ, - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда балықтардың неден жаппай қырылғаны анықталды
Өзгелердің жаңалығы