Есмағамбетова ауыл әкімдерінің сайлауы кезінде қандай санитарлық талаптар сақталуы керегін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында айтты.
Оның айтуынша, сайлау кампаниясына арналған парақшаларды атаратуды медициналық қолғап кию арқылы жүзеге асыруы керек.Коронавирусты халық арасында алдын алу бойынша ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды өткізу кезінде Бас санитарлық дәрігердің қаулысы әзірленді. Ол бойынша сайлау науқанының барлық кезеңінде маска тағу режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтауды жүзеге асыру керек. Сайлау алдындағы насихат жұмысын онлайн жүзеге асыру ұсынылады, - деді Есмағамбетова.
Оның айтуынша, учаскелік бөлімшелерін дезинфекциялау уақытылы жүзеге асырылуы керек.Дауыс беруді жүзеге асыру әлеуметтік қашықтықты сақтауға мүмкіндік беретін ғимаратта жүзеге асырылуы керек. Сайлау учаскелері мен бөлімшелерде дауыс берушілердің жүру бағыттары көрсетілуі керек. Сайлау учаскелерін жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз ету керек. Жиһаздың орналасуы да әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша орналасуы керек, - деді ол.
Сайлау кезінде келушілерден симптомдар анықталса, оны оқшаулайтын бөлімше болуы керек. Сайлау кезінде адамдардың көп жиналуына жол бермейтін қызметкер бекітілеуі керек. Сайлау комиссияларының мүшелерінде вакцина паспорты болуы тиіс. Вакцина алмайтын жағдай болғанда, 3 күн болмаған ПТР-сынамасы керек. Сайлаушылар учаскеге балаларсыз келуі керек, - деді Айжан Есмағамбетова.