Эскишехирдегі орман өртін сөндіру кезінде 11 орманшы қаза тапты
Түркияның Эскишехир қаласында орман шаруашылығының 11 қызметкері орман өртін сөндіру кезінде қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Фетхие аудандарындағы орман алқабында 22 маусым күні таңертең өрт шықты. Өртті сөндіруге төрт тікұшақ жұмылдырылды, оның үшеуі орман шаруашылығы басқармасына, біреуі жандармерияға, сондай-ақ орман шаруашылығы басқармасына тиесілі бір ұшақ өртті сөндіруге қатысты.
"Yeni Şafak" телеграмм арнасы өрт сөндіру жұмыстарына қатысқан орман шаруашылығының 11 қызметкері қаза тапқанын хабарлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан Еуропа елдеріне астық жеткізеді
Келесі жаңалық
2026 жылдың басты түсі анықталды
Өзгелердің жаңалығы