Ескі үйлер жаңарады

Ақтауда ескі үйлердің мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп жатыр,  деп хабарлайды, BAQ.KZ тілшісі.

Ақтауда ескі үйлерді сүру және жаңарту бойынша жұмыстар 2016 жылдан бері жүргізіліп келеді. Алғашқы кезеңде, яғни 2016-2022 жылдар аралығында 15 ескі үй (2 қабатты) сүріліп, 5 қабатты 7 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілген еді. Бұл арқылы 3 ш/а-да орналасқан ескі үйлердің тұрғындары 257 пәтермен қамтамасыз етілді.

Аталған жоба әрі қарай жалғасуда. 2022 жылы басталған жұмыс 3 кезеңде жүзеге асырылады. Бұл арқылы апатты үйлер мәселесі шешіліп, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі ,-  дейді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Имаммахмут Шагирбаев.

Ескі үйлерді сүру және жаңарту жұмыстары 2026 дейін жалғасады. Бұл аралықта 590 пәтерлі 9 тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Соның нәтижесінде 15 ескі үй бұзылып, 176 пәтердің тұрғындары жаңадан салынған үйге көшіріледі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жаңарту жұмыстарының ауқымын кеңейту мақсатында әлеуетті инвесторлар тарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Әсел Әбілбек

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: google.com
Өзгелердің жаңалығы