"Ескі-құсқы көбейеді": Сарапшы ескі көліктерге салықты төмендету неге әкелетінін айтты

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылған жылына байланысты жеңіл автокөліктер үшін көлік салығы төмендейді. 10 жылдан аса қолданыстағы автокөліктер үшін көлік салығын төмендету Қазақстанға бұрын айдалған автокөліктерді жаппай әкелуге ұласуы мүмкін. Сарапшылардың пікірі осыған саяды. Өзгерістер туралы нақтырақ BAQ.KZ тілшісінің материалынан оқи аласыздар.

"Жалпы жол "Жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығы" ҚБ президенті Арсен Шакуов те ескірген көлік ағынының көбейетінін жоққа шығармайды.

Жаңа Салық кодексінде жаңа норма қарастырылған. Құжатқа сәйкес, автокөліктің жүрілген уақыты көп болған сайын салық мөлшерлемесі де төмендей береді. Сарапшының пікірінше, мүндай шешім көлік иелері үшін тиімді болуы ықтимал. Алайда ол автопаркті жаңарту мен жолдағы қауіпсіз көлік үлесін төмендету мәселелеріне қарама-қайшы келеді.

Әуесқой автомобильшілер үшін бұл әрине, жақсы. Бірақ автопаркті жаңарту тұрғысынан алғанда бұл мемлекетке оны жаңарту үшін қажетті ынталандыруды сыйлай алады деп ойламаймын. Бұл – асығыс шешім болған сияқты, - деп атап өтті сарапшы.

Айтуынша, ескі автокөлік салығын төмендетудің кері әсері де жоқ емес: автопаркті жаңартудың орнына қазақстандықтар эксплуатация мерзімі үлкен көліктерді көбірек сақтауға тырысатын болады. Осылайша, жолдардағы қауіпсіздік пен экологиялық тазалық мәселелері ондаған жылдарға артқа шегінуі де ғажап емес.

Егер керісінше, қатаңдатылған шаралар қабылданса, сонымен қоса жаңа автокөлік сатып алуға мемлекеттік қолдау болса, бұл алға бастайтын қадам болар еді. Бүгін заманауи автокөліктер сол сипаттамамен көлемді қозғалтқыштарға ие. Неліктен адамдар көлемі үлкен көліктерді алуға әуес? Ондай көліктер аңға шығуға немесе балық аулауға баруға ыңғайлы, - деп түсіндірді Арсен Шакуов.

Мәселенің екінші жағы да бар. Қолданылғанына 10 жылдан асқан автокөліктерге көлік салығын төмендету Қазақстанды өзге елдерден ескірген көлік әкелуге тартатын нүктеге айналдыруы мүмкін. Спикер мұндай үрдіс осыған дейін де болғанын еске алды және оның салдары тұтынушылар үшін де, экология үшін де сезіледі.

Бұл жерде тағы да ескі көлік ағындары басталады. Қазақстан қашан да машина импорты үшін тартымды болып келді. Егер экспорт туралы айтсақ, келген мүмкіндік бола қалған жағдайда ескі-құсқыны тасу басталады, қоқыр-соқыр көбейеді. Алғаш рет 2008 жылы – рулі оң жақта орналасқан көліктерді әкелу басталды. Кейінірек кеден салығы ұлғайып, одан кейін ресейлік көліктер әкеліне бастады, - дейді спикер.

Арсен Шакуов ескі көліктерге салықты төмендету оған қызығушылықты күшейтуі мүмкін деп санайды. Әсіресе сипаттамасы жақсы тексерілген көлік үлгілері алға шығуы мүмкін. Мұндай автокөліктер керісінше, арзандамай, қымбаттауы ықтимал.

Мысалы, 1998 жылы шығарылған Nissan өзін өтімді модель түрінде көрсетті. Оның салығы төмендесе, ол сатып алушыларға тартымды болып, адамдар оны сатып ала бастайды. Сәйкесінше, сұраныс туындап, баға да түспейді. Шындыққа тура қараған дұрыс, - дейді Шакуов.

Сарапшының пікірінше, ескі автокөлік салығын төмендету – экономикалық құлдырау жағдайында әлеуметтік қауырттылықты бәсеңдету үшін биліктің тілегінен туындаған уақытша шара. Арсен Шакуов мұндай тәсіл автопаркті жаңартуға әсер етпейді және болашақта қарастырылмауы да мүмкін.

Бұл соңғы қадам деп ойламаймын. Бұл – әлеуметтік қауырттылықты бәсеңдету үшін қабылданған уақытша шешім. Мұндай практика әлемде көп кездеседі, бірақ ол әдетте уақытша, - деді ол.

Арсен Шакуов сонымен қатар көлік салығын төмендету жүйелі проблемаларға ықпал ете алмайтын уақытша шара деп отыр. Қазыналық босаңсудың орнына мемлекет, атап айтқанда, халықтың табысын арттыру мен автопаркті жаңарту бағдарламаларын жасау сынды қолдаудың ұзақмерзімді шараларына назар аударғаны дұрыс. Тек осы жағдайда ғана оның қысқамерзімді әсері емес, нақты дамуы туралы сөз қозғау қисынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: коллаж BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы