Ескі Қазақстан орала ма? - Депутат пікірі

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ  тілшісі.

Соңғы кезде байқағаным, әртүрлі алаңдарда түрлі пікірлер айтылып жүр. Соның ішінде бұрынғыны еске алатын кітаптар шығып жатыр және басқа да бір подкастар да өрбіп жүр... Қоғам арасында "ескі Қазақстан қайта оралмай ма? Саяси реформалар нақты нәтиже беріп жүр ме?" деген сұрақ туындауы мүмкін. Яғни "суперпрезиденттік" мемлекеттік жүйе оралуы мүмкін деген де сыбыстар бар. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы өте жақсы жауап берді деп ойлаймын. Ескі Қазақстан қайтып оралған жоқ. Себебі саяси реформалар бір күндік әңгіме емес, - деді Әбенов.

Депутаттың айтуынша, реформалар 2019 жылдан басталды. Қазіргі таңда біраз өзгеріске қол жетіп отыр.

Бастама кезінде Үкіметтің деңгейі төмен әрі бақылауда жоқ еді. Онымен қоса, олигархтар Үкіметтегі адамдар арқылы өзіне пайдалы шешімдер жасап, экономикамызды құлдырауға әкеліп, әлеуметтік саланы әбден әлсіретті. Нәтижесінде азаматтардың құқықтарының бұзылды, мемлекет пен азаматтар арасындағы сенім деңгейі азайып кетті. Сол себепті реформалар бірінші кезекте, "суперпрезиденттік" басқару жүйесінен ауыстыру болатын. Яғни "Мықты мемлекет, ықпалы Парламент және есеп беретін үкімет" деген саяси ұғымның келуіне себепші болды.Тек президенттің шешімімен өзгерістер болған жоқ, жалпы референдум арқылы халықпен бірге де шешім қабылданды, - деді  Мәжілісмен Президенттің Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатын талқылау туралы өткен жиында. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы