Ескі көлікті өткізіп, өтемақы алыңыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап Қазақстанда пайдалануға жарамсыз көліктерді утилизацияға қабылдау бағдарламасы қайта іске қосылды.

11 қаңтардан бастап Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкент қалаларында қабылдау басталады. Ал 18 қаңтардан бастап қабылдау бекеттері Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Петропавл және Орал қалаларында жұмыс істей бастайды. Ал ақпан айының 1-нен бастап Алматы мен Шымкент қаласындағы екінші қабылдау бекеті өз жұмысын жалғастыратын болады, - делінген ӨКМ операторы таратқан баспасөз хабарламасында.
Автокөлікті тапсыру үшін www.recycle.kz сайтына электронды кезекке тұру керек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы