Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды
БҚО, baq.kz. Қазгидромет 5 қаңтар күні түнде Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде қар жауып, боран соғатынын ескертті.
Сонымен қатар, облыста оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетіп, бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.5 қаңтар күні Орал қаласында да оңтүстік-батыстан соққан жел 9-14, екпіні 18 м/с-ке дейін күшейеді. Қарлы бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады
05 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің күшеюі 15-20 м/с-ға жетеді. Ал Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с-ға дейін күшейеді.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 97-99%.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада айына 1,4 мың ШОБ субъектісі ашылады
Өзгелердің жаңалығы