Ескерту! Тағы да қаржылық алаяқтық
Алматы, BAQ.KZ. Аталған қор әлеуметтік желіде «семинарға жаздырып, сертификат алып берем, "несие алуға көмектесем", "грант ұтып алуға ықпалым бар" деп жұрттың сеніміне кіретін алаяқтар пайда бола бастағанын мәлімдеп, кәсіпкерлерді мұндай мәліметтерге сенбеуге шақырады.
Мұндай семинарды ұйымдастырушылар бизнес-жоспарды әзірлеу үлгілерін және оны комиссия алдында қалай қорғау керектігін түсіндірмекші. Қонақ ретінде "Даму" қорының мамандарын шақырып, оған тікелей сұрақ қоюға болатынын хабарлауда.
Семинардан өткен соң қатысушылар өздерінің жобасымен Қорға барып грант ала алады, сондай-ақ әр қатысушыға 1500 теңге тұратын есімі көрсетілген билет береді. Билеттің арзан болуын шығынның 70% "Даму" қор төлеп отыр дегенмен түсіндіруде. Осы онлайн-билетті алу үшін ақшаны Qiwi-кошелёк арқылы жіберулерін сұрайды,-делінген хабарламада.
Одан бөлек семинарға қатысушылар арасында ақшалай ұтыс ойындары ойнатылады екен. Онда бірінші орын үшін – 50 мың теңге, екінші орын – 30 мың, үшінші орынға 20 мың теңге тағайындалған.
"Даму" Қоры кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытып, сертификат береді және кеңес беру қызметтері де ақысыз. Несиені банк береді, грантты да әкімдік бөледі,-дейді қордағылар.
Аталған қызмет түрлерін таныстықпен шешіп берем деген жандар жайлы білсеңіз: 1408 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалып немесе senim@fund.kz поштасына хабарлауды сұраймыз.