5 Сәуір 2021 2021, 10:58
Ескерту: Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Алматы, BAQ.KZ. Қазгидромедтің дауылды ескертуіне байланысты Алматы қаласы ТЖД-ті тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді.
Алматы, BAQ.KZ. Қазгидромедтің дауылды ескертуіне байланысты Алматы қаласы ТЖД тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді.
Жауын-шашынның түсуіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 5-6 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар, - делінген хабарламада.
Айта кетсек, 5 сәуірге ауған түннен бері қалада жаңбыр жауып жатыр. Таулы жерде қар жаууы мүмкін.