«Есірткіге жол жоқ!» акциясы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облыстық мектеп-интернат шипажайында нашақорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдардың өкілдері акция өткізді.

Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Асхат Асқаров №1 қалалық емхананың меңгерушісі нарколог Наталя Собко, "Арасан-Ақтөбе" ЖШС еріктілері сынып жетекшілері мен оқушыларға «Балалар мен жасөспірімдер арасында пайдаланудың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты - жасөспірімдермен жұмысты тиімді ұйымдастыруды үйрену. Қатысушылар есірткі және психотроптық заттарды тұтынудың алдын алу, ең көп тұтынылатын түрлер және оларды қолданудың салдары туралы айтты.

Сондай-ақ, заң алдындағы жауапкершілік, Қылмыстық Кодексте көзделген тұтыну және тарату жазалары туралы тақырып қозғалды.

Семинарға қатысушылар осы жағдайда қайда және кімге жүгіну керектігі және неге бұл проблемамен жалғыз қалуға болмайтындығы туралы кеңес алды.

Кездесуде бейнероликтер көрсетілді, бейсбол қалпақшалары және логотипі бар қорғаныс маскалары берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы