Есірткі жарнамалаумен айналысқан қостанайлық 6 жылға сотталуы мүмкін

Қостанайда полицейлер есірткі жарнамасының жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

34 жастағы жергілікті тұрғын телеграмм арналардың бірінен заңсыз жұмыс тапқан. Дәл сол жерде ол сыйақы шарттары мен жалақы туралы арна әкімшісімен хат жазысқан.

Әйел есірткі сататын интернет-дүкендердің жарнамасын облыс орталығының ғимараттарында аэрозольдік бүріккіштермен жазу арқылы жарнамалаған. Ол мұндай іспен Көкшетау қаласында да айналысқан. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Есірткі құралдарын насихаттағаны үшін ол алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар онымен бірге тұратын адамның аталмыш қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы