СҚО-да есірткіге қатысты қылмыс тыйылмай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. “Өрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Петропавл қалалық Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлері 34 жастағы қала тұрғынын ұстады. Одан бір келіден астам марихуана алынды. 

Қалалық полицияға Петропавл қаласының бір тұрғыны есірткі өткізумен айналысуы мүмкін деген хабарлама келіп түскен. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде есірткі қылмысына күдікті бұрын сотталмаған 34 жастағы петропавлдық ұсталды. Тұрғылықты жерін тексеру барысында ұсталғаннан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған орама табылды. Сонымен қатар буып-түю материалдары алынды. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы бір келіден астам кептірілген марихуана екені анықталды - деп жазады polisia.kz/ сайты. 

Алынған ораманы ұсталған адамның бір реттік пайдаланатын 200 дозаға бөліп салмақшы болғаны анықталды. 

Қазіргі уақытта аталған факті ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді - дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Оның айтуынша, жыл басынан облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністері 162 есірткі қылмысын анықтаған, оның 60-ы қылмыс, соның ішінде 33-і өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 328 түрлі есірткі заттары, оның ішінде 369 грамм героин алынды. Қылмыстық жауапкершілікке 69 адам тартылды. “Өрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы облыс аумағында қыркүйектің 14-і мен 18-і аралығында өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы