Есірткі таратып жүргендер туралы ақпарат берген азаматқа сыйақы беру ұсынылды
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев ескірткімен күресетін нақты бір орган құру туралы сұрақты жақсылап талқылау қажеттігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан есірткіге қарсы күрес органын құруға қатысты Бас прокуратураның пікірін сұраған еді.
2000 жылдары елімізде нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес туралы агенттік болған. Кейін ол агенттік жабыліп, Әділет миннистрлігінің комитеті болды, кейін барлық фукнциясы ІІМ-ге берілді. Ол агенттік не себепті жабылғанын, неге ондай шешім қабылданғанын білу қажет, - деді ол Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.
Шындалиевтің сөзінше, ондай орган ашылса, оның міндеті қандай болатынын анықтау керек.
Ондай орган ашатын болсақ, оған тек қана үйлестіру немесе құқық қорғау фукнциялары беру керек пе? Атап айтқана, жедел үйлестіру немесе тергеу функциялары. Ол кезде мемлекетімізге тағы бір құқық қорғау органы керек пе, керек емес пе? Осы сұрақты да қарау қажет. Тағы бір мәселе – егер біз құқық қорғау органы функциясын бермей, тек үйлестіру функциясын ғана берсек, онда ол органның бұйрықтары, нұсқамалары қаншалықты міндетті болады, басқа құқық қорғау органдарымен қалай байланысады? Оның қандай нәтижесі болады деген сияқты сұрақтарды талқылап, содан кейін шешім қабылдау керек, - дейді Бас прокурордың орынбасары.
Оның айтуынша, қазіргі министрлік (ІІМ – ред.) департаменттің жұмысын күшейтейін деп жатыр. Шындалиевтің айтуынша, департаменттің жұмысын күшейткеннен кейін оның нәтижесін қарап, шешім қабылдауға болады. Ол ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтіп, күдікті жарнамаларды анықтау алгоритмін әзірлеу керегін ұсынды.
Әсет Шындалиев тағы бір ұсыныс айтты.
Біз жемқорлықпен күрес мақсатында жемқорлық туралы ақпарат берген азаматқа сыйақы береміз. Осындай сыйақыны есірткіні таратып жүрген адам туралы ақпарат берген азаматқа беру туралы сұрақты қарастыруға болады деп ойлаймын, - деді ол.