Есірткі таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Ақмола облысының мамандандырылған сотынының үкімімен 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың мүшелері гашиш есірткі затын өткізуді ұйымдастырғаны үшін 3 жылдан 16 жылға дейінгі мерзімге сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Ақмола облысының мамандандырылған сотынының үкімімен 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың мүшелері гашиш есірткі затын өткізуді ұйымдастырғаны үшін 3 жылдан 16 жылға дейінгі мерзімге сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Аталған топқа қатысты жедел іздестіру іс-шарасын полиция Департаменті Ақмола облысының прокуратурасының үйлестіруімен жүргізді.
Жүргізілген тыңымсыз жұмыстың нәтижесінде қылмыстық тізбектің барлық қатысушылары анықталды, бұлар: ұйымдастырушы, қоймашы, есепші, каналдардың әкімшісі, курьерлер және жарнамалауға көмектескен тұлғалар. Есірткі заттарын тарату "Telegram" мессенджерінің "Nike", "Targaryen", "Daenerys", "Miyagi" және "Sova" каналдарында байланысыз тәсілмен жүргізілген. Өткізу орындары Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарында. Ақша қаражаттары "Simply" (Beeline компаниясының еншілесі) төлем бағдарламасы арқылы жүзеге асырылған, - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енбеген.
Есірткі және прекусорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес, Ақмола облысы прокуратурасының қатаң бақылауында.
- Қазақстанда «Яндекс» сервистері неге істемей қалғаны белгілі болды 01:29
- «Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды 00:51
- Жаңбыр, тұман: Дүйсенбіде 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды 11.10.2026
- Трамп Украина мен Ресей арасында энергетикалық бітім жариялады 11.10.2026
- Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті 11.10.2026
- Ұлытау облысында науқас шұғыл түрде тікұшақпен Жезқазғанға жеткізілді 11.10.2026
- Мемлекет басшысы Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды 11.10.2026