Есірткі сатты деген күдікті Германиядан экстрадицияланды

Германия есірткі қылмысы үшін іздеуде жүрген қазақстандықты ұстап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Германия Федеративтік Республикасының үкіметі аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген есімді азаматты экстрадициялау туралы ҚР Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды.

Күдікті қылмысты 2020 жылы елордада жасаған, содан кейін ол қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалағандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы