Есірткі, қару-жарақ, көші-қон: Қазақстан мен Түрікменстан қылмыспен бірге күреседі

Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Үкіметі мен Түрікменстан арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңы мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл келісімге сәйкес екі ел құқық қорғау органдары арасында жедел және криминалистикалық ақпаратпен алмасады, өзара сұрауларды орындайды, мамандарды оқыту мен тәжірибе алмасу ісінде қолдау көрсетеді.

Сонымен қатар құжат екі тараптың құқық қорғау саласындағы өзара іс-қимылын жолға қоюға бағытталған.

Қазақстан мен Түрікменстан мемлекетішілік және трансұлттық қылмыскерлікке тиімді қарсы тұру үшін құжатта көзделген қылмыстар бойынша ғана емес, сондай-ақ екіжақты кeлiciммен басқа да қылмыстарға қарсы күресте өзара іс-қимылды жүзеге асыратын болады.

Келісімді ратификациялау Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің бастамасы болатыны сөзсіз, - деді сенатор Мұрт Қадырбек.

Бұл келісім қылмыспен күрес саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың құқықтық іргетасын қалайды. Құжаттың басты мақсаты – ынтымақтастықты нығайтып, қылмысқа қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру және екі мемлекеттің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауда өзара әрекеттесуді күшейту.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық байланыстар 1992 жылы орнаған. Содан бері екі елдің қарым-қатынасы достық пен сенім рухында дамып келеді. Бүгінде мемлекеттер экономикалық, мәдени және білім беру бағыттарында тығыз әріптестік орнатып, өзара байланыстарды жүйелі түрде кеңейтіп отыр.

Тараптар сонымен бірге екі елдің құзыретті органдарының үйлестіруін талап ететін қылмыстарды тергеу кезінде өзара әрекет етуді жалғастыруға уағдаласты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы