Жамбылдық полицейлер есірткі дайындаушыны ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Табылған есірткі затының салмағы 12 келі 420 грамды құрады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Биылғы жылдың 13 қазанындағы кешкі мезгілде "Көкнар-2019" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұрын сотты болған 49 жастағы Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғынынан бір қап кептірілген марихуана есірткі затын тәркіледі", - делінген хабарламада.
Есірткі дайындаушы Меркі ауданының Тәтті ауылы маңындағы "Тәтті-Сарықоба" құмды аймағына жақын жерде ұсталды. Табылған есірткі затының салмағы 12 келі 420 грамды құрайды.
Күдікті кінәсін мойындап, Меркі аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 296- бабының 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министрлік жұмысының тиімділігін арттырамыз – Аймағамбетов
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы