18 Ақпан 2020 2020, 16:04

Есірткі бизнесімен айналысқан қылмыскер 13 жылға сотталды

2019 жылы 09 қазанда аталған тұлғаның қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында 2,3 кг гашиш алумен бірге, Б.Исмайловты ұстау жүзеге асырылды.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша Департаменті аймақтық есірткі арнасында есірткі заттарын жеткізуді ұйымдастыруға қатыс бар Б.Исмайловтың (1973 ж.т.) заңға қайшы іс-әрекетін әшкереледі.

Атап айтқанда, жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Тараз қаласының тұрғыны Б.Исмайловтың тарату мақсатында аса көлемді «гашиш» есірткі затын Ақтөбе қаласына жеткізу бойынша пиғылы анықталды - делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.

2019 жылы 09 қазанда аталған тұлғаның қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында 2,3 кг гашиш алумен бірге, Б.Исмайловты ұстау жүзеге асырылды.

2020 жылы 16 қаңтарда Ақтөбе облысының қылмыстық-іс бойынша мамандырылған ауданаралық сотының үкімімен  Б.Исмайлов ҚР ҚК 297 т. 3б. бойынша кінәлі деп танылды. Және қатаң режимді түзеу мекемесінде жазасын өтеу үшін 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.