Түрмедегілерге есірткі бермекші болған күдікті ұсталды

Тараз, BAQ.KZ. Кептірілген марихуана лақтырмақшы болған азамат ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/7 Түзеу мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлері түскен мәліметтерге сәйкес, жедел іздестіру-шаралары барысында үйінде кептірілген марихуана сақтаған азамат құрықталды.

"Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас поселкісі Б.Момышұлы көшесінің тұрғыны Аладин Сулейманов бұл затты ЖД-158/7 мекемесінің негізгі қоршауы бойынша лақтырмақшы болғандықтан сақтағанын мойындап отыр" - делінген хабарламада.

Тексеру барысында бұл азаматтан өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат табылды. Жүргізілген сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша, аталған зат  салмағы  1 кг 80 гр «кептірілген марихуана» екендігі анықталып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы