Абақтыдағыларға есірткі бермекші болғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты қауіпсіздігі жоғары ЖД-158/4 мекемесінің негізгі қоршауынан тыйым салынған зат лақтырмақшы болған 4 азамат ұсталды. 

Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Аталған мекеме аумағындағы бейнежазбадан «Ауди Б4» маркалы көлік мінген 4 азамат мекеменің негізгі қоршауынан скотчпен қапталған 3 затты лақтырып, оқиға орнынан ізін суытпақшы болғанын көруге болады. Алайда, олардың бұл әрекеті жүзеге асқан жоқ. Оқиға орнына жедел түрде жеткен мекеме қызметкерлері күдіктілерді қолға түсірді. Сараптамалық талдау нәтижесінде күдіктілер лақтырған зат марихуана екендігі анықталып отыр. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы