Есірткі әзірлегендер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев есірткі өндіргендер өмірбақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз жасырын есірткі зертханасын ашатындар үшін жауапкершілікті арттырдық. Бұл бірінші оқылым, мәселе әлі пысықталады, - деді Айдос Рысбаев.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Заң бойынша есірткіні өндіру есірткі қылмысының аса қауіпті түріне теңестіріледі. Ол өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына дейін әкеп соғуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы