"Есінен танып қалған". Алматы облысында оқушы көз жұмды
Алматы облысында сабақ кезінде оқушының жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Кейіннен қыз жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы өңірдің білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
Белгілі болғандай, бүлдіршін 23 сәуірде Қарасай ауданы Қошмамбет ауылындағы Қошмамбетов атындағы мектепте көз жұмған. Сабақ кезінде 4-сынып оқушысы есінен танып қалған.
Ведомство атап өткендей, қызға медициналық көмек көрсетілді. Дегенмен, көрсетілген көмек еш әсер етпей, оқушы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.
Алматы облысы білім басқармасы 2024 жылдың 23 сәуірінде К. Кошмамбетов атындағы Қарасай ауданында орта мектепте 2014 жылы туған 4-сынып оқушысы қайтыс болды. Сабақ кезінде қыздың жағдайы нашарлап, есінен танып қалды. ҚР ДС министрінің 08.10.2020 жылғы №118 бұйрығына сәйкес медициналық көмек көрсетілді. Медициналық мамандары көмек көрсеткенімен, оқушы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Оқушының жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз! Қазір құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, - делінген басқарма хабарламасында.
Видео: Egovpress*