Белгісіз жағдайда 14 жастағы жасөсіпірім Есілге батып кеткен – ТЖД

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғау басқарма бастығы Ратбек Демеуберген суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік туралы өткен брифингте айтты.

Жыл сайын жазғы кезең басталғанда халық жаппай суға шомылады. Алайда суға түсу қауіпсіздігін сақтамағандықтан, қайғылы оқиғалар болып жатады. Жаз мезгілі басталмай тұрғанның өзінде Нұр-Сұлтан қаласы аумағындағы су айдындарында 2 адам қаза тапты, - деді ол.

Демеуберген айтқандай, су айдындарында болған оқиғалардың себебі мас күйінде шомылу және балаларды қараусыз қалдыру болып отыр.

Бүгінгі таңда осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр. ТЖД күш-құралдары жоғары дайындыққа келтірілді. Күн сайын 85 адам рейдке жұмылдырылады. Осы шаралардың аясында 250-ден астам жарнама таратылды, - деді Ратбек Демеуберген.

Оның айтуынша, елорда маңында 3 суға түсуге рұқсаты бар орын бар.

Олар: орталық жағажай, «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс аймақтарында шомылуға болады. Одан бөлек ТЖД мен әкімдік 20 суға шомылу орнына рұқсат беру талқылап жатыр, - деді ол.

Демеуберген бірінші оқиға 18 мамырда Есіл жағалауының бойында «Триатлон парк» ауданында 1976 жылы туған азамат суға батып кетті, ол жабдықталмаған жерде достарымен мас күйінде шомылғанын айтты.

Тағы бір қайғылы оқиға: 2006 жылы туған азамат Есіл жағалауында белгісіз жағдайда суға батып кеткен. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД елорда тұрғындары мен қонақтарына кезекті рет сақ болуға, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауға, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға, мас күйде шомылмауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, көпірлер мен қайықтардан суға секірмеуге, қоршау белгілерінен тыс жүзбеуге шақырады, - деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы