Есілдің арнасынан аспауы үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр – СҚО
Қызылжар ауданының Бескөл және Жылыжай ауылдарында ТЖМ 52859 әскери бөлімінің күшімен қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 50 әскери қызметші мен 4 техника жұмылдырылды.
Жұмыстар аясында 1900 дана қапшықтар дайындалып, 180 метр полипропилен төсеніші салынды. Барлық іс-шаралар елдімекендерді Есіл өзенінің тасқын сулары басуынан қорғауға бағытталған. Жұмыс жалғасуда, – деп жазылған хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісуда 12 мың көшет отырғызылады
Келесі жаңалық
"Беттен сүюге бола ма" дегенге жауап берді
Өзгелердің жаңалығы