Есілдің бойында үш көпір салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы елордада 90 км жол жөнделіп, екі көпір пайдалануға беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

Соңғы он жылда автокөліктер саны 2 есеге өсті. 200 мың болса қазір 500 мыңға дейін көбейді. Жол инфрақұрылымын, көпірлерді, жолайрықтарды тұтыну көбейіп, жүктеме артты. Биыл 69 көшені қамтитын 51 км жол жөнделді. Келер жылы 90 км жолды жөндейміз, - деді қала әкімі. 

Көлгінов қала ішінде көптеген жол торапы жөнделіп жатқанын айтты. Әкімдіктің мәліметінше, Қабанбай батыр көшесінің кеңеюіне және Қорғалжын тас жолы мен Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының қиылысындағы көлік торабының құрылысына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қабанбай батыр даңғылы 6 жолаққа дейін кеңейтілмек. 

Есілдің бойына үш көпір салсақ, сол жағалауды басқа аудандармен жақындата түсеміз. Қала тұрғындарының ыңғайлығына септігін тигізеді, - деді ол. 

2020 жылы Есіл өзені арқылы және Нұра-Есіл арнасы арқылы Ұлы Дала даңғылындағы екі көпірдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ, Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа ванттық көпірдің құрылысы басталады, нәтижесінде тәулігіне 50 мыңға жуық автокөлік легі Керей, Жәнібек хандар және Ұлы Дала даңғылына тікелей қатынайтын болады.

Аталған 3 көпір мен жолдың құрылысы қаланың оңтүстік-шығыс және сол жақ жағалау бөлігі арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, Мәңгілік Ел даңғылының жүктемесін азайтады және Нұрлы жол вокзалының қолжетімділігін арттырады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы