ТЖМ мұздың үстіне қауіпсіз шығу үшін оның қалыңдығы кемінде 25 см болуы тиіс екенін ескертеді.
Жұқа мұз үстіне шығуға, жарықтар мен ашық су айдындарына жақындауға, мұз үстінде топтасып тұруға және от жағуға тыйым салынады. Қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, – деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және мұз қату кезеңінде су айдындарында барынша сақ болуға шақырады.