Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында ер адам Есіл өзенінде мұздың астына түсіп кеткен.

Бұл туралы ІІМ төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

19 қараша күні Ақмола облысы Атбасар ауданының Тельман ауылынан екі километр қашықтықта Есіл өзенінен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 1954 жылғы ер адамның денесін алып шықты, - делінген төтенше жағдайлар бойынша комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам мұз астына түсіп кеткен.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы