Есіл өзенінде балық қырылған жоқ – министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше, 12 мамырда "Instagram" əлеуметтік желісінде Есіл өзенінің "Серуен" жаяу жүргіншілер көпірі маңына балықтардың жиналып қалғаны туралы ақпарат жарияланды.
Соған орй "Ақмола облысы аумақтық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі" РМБ Астана инспекциясы бөлімінің инспекторлары Нұр-Сұлтан қаласы əкімдігі "ЖасНұр" МКӨК өкілдерімен бірге су қоймасына тексеру жасады.
Тексеру кезінде осы жерге құртшабақтардың жиналып қалғаны байқалды. Бірақ өлі балық табылмады, деп хабарлайды Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі.
2020 жылғы 13 мамырда "Ақмола облысы аумақтық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі инспекциясы" РМБ Астана инспекциясы бөлімі инспекторлары Нұр-Сұлтан қаласы Экология департаменті, Нұр-Сұлтан қаласы əкімдігінің "ЖасНұр" МКӨК, сондай-ақ "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Солтүстік филиалы өкілдерімен бірге Есіл өзенінің жағалау аймағы мен жаяу жүргіншілер көпіріне тексеру жүргізді. Тексеру нəтижесінде бұл ауданда өлі балық кездеспеді. Сондай-ақ зиянды заттармен ластану да байқалмады. Нұр-Сұлтан қаласы Экология департаменті судың сынамасын алды. Есіл өзенінің ихтиофаунасын зерттеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады министрлік.
Анықтама: Есіл өзені мен оның ағысының өн бойында 20 сəуірден 20 мамырға дейін балықтардың уылдырық шашу жəне көбеюі кезеңінде балық аулауға тиым салынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19: Ресейде соңғы 11 күнде 10028 адам тіркелді
Өзгелердің жаңалығы