Есіл өзенінің жағалауынан 30 тоннаға жуық қоқыс жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Есіл өзені, Ақбұлақ және Сарыбұлақ су айдындарын санитарлық тазарту жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Ақбұлақ бұлағында «Толқын» спорт кешенінен бастап Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі, Сарыбұлақ бұлағында теміржол ауданынан бастап Есіл өзеніне құятын жеріне дейінгі, Есіл өзенінде Қабанбай батыр даңғылынан «Жасыл Аралға» дейінгі учаскелерінде 9 мың шаршы метрге жуық алаңдағы су айдынына санитариялық тазарту жүргізілді.
Есіл өзенінің жағалауы мен оның Ақбұлақ және Сарыбұлақ салалары қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, 30 тоннаға жуық қоқыс жиналып, астаналық полигонға шығарылды.
Бұл жұмыс күн сайын жүргізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорданың орталығында қарасора өсіріп келген
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы