«Есік» қорық-музейінде «Жебелі қылшанның» таныстырылымы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысындағы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде шамамен IX-X ғасырларға жататын қайың қабығы, ағаштан жасалған «Жебелі қылшанның» таныстырылымы өтеді.
«Жебелі қылшанды» 18 сәуір күні елімізге белгілі қалпына келтіруші (реставратор) Қырым Алтынбеков таныстырады. Бұған дейін реставратор бұл бұйымның қайың қабығынан жасалған қылшан екенін анықтап, 2018 жылы жәдігер «Остров Крым» ғылыми-реставрациялық зертханасында қалпына келтірілген болатын.
Қылшанның тұсаукесерімен қатар музейде «Ұлы даланың ұлы мерекесі – Наурыз» аталып өтеді. Мереке аясында туризм саласындағы әріптестерге музей ісіне қосқан үлесі үшін арнайы марапаттар тапсырылады.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, музей басшылары, елімізге белгілі археологтар мен ғалымдар қатысады, деп жоспарлануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда қоғамдық көліктер жаңаруда
Өзгелердің жаңалығы