Ештеңені «галочка» үшін жасаудың қажеті жоқ – Әбдіров

Жас сайлаушылар клубының бірінші отырысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров клубтың қалай ашылғанын айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Референдумға дайындық жұмыстары кезінде өткен электоралды оқыту базасындағы семинарларда осында отырған жастардың кейбірімен кездестім. Жастар орталықтарының көшбасшыларымен тұрақты түрде кездесу, ашық сөйлесу, пікірталас алаңын құру идеясы сол жастар тарапынан болды. Өйткені оларға сайлау процесі мен жүйесі қызық. Клуб құру идеясы алғаш айтылған кезде бұл жерде алдын ала бекітілген жоспардың, сол жоспарды іске асыру туралы есептің болмауын ұсындым. Ештеңені «галочка» үшін жасаудың қажеті жоқ, – деді Нұрлан Әбдіров. 

Клуб құрамына жас сарапшылар мен ғалымдар, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Клубтың мақсаты Қазақстанның барлық өңіріндегі жастарды біріктіріп, дауыс беру, бақылаушы ұғымдарымен, топ мүшелерінің қызметтерімен таныстыру. 21-23 қыркүйек аралығында арнайы курстар өткізілді. Клуб құрамында әр өңірден 35 мүше бар. Бүгінгі таңда клуб мүшелері ірі қоғам қайраткерлерімен кездесіп, лекторлар сабақтарын беріп, қарқынды жұмыс жүріп жатыр, - деді клуб мүшесі Олжас Жеңіс.

Ол сондай-ақ клуб мүшелерінің басты міндеті ел тұрғындарының сайлауға қатысуын қамтамасыз ету екенін айтып, сайлау кезінде науқанның қалай жүріп жатқанын бақылап, белсенді қатысу екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы