Ештеңе жасамады – Ахметов Риддердегі ЖЭО-ның жаңа иелері жайлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы әкім Instagram-дағы парақшасында жазды. Конференция барысында өңір тұрғындарын толғандыратын бірқатар мәселе талқыланды. Оның бірі - Риддер жылу электр орталығы жайлы.

Бүгін өңірдің  Мен облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен бөлісіп, бірқатар маңызды және қызықты сұрақтарға жауап бердім. Атап айтқанда, Риддер жылу электр орталығы бойынша бірқатар сауалдар қойылды. Өкінішке орай, Орталықтың жаңа иелері жалақы бойынша 3,3 миллиард қарызды өтеу, жөндеу, жаңарту жұмыстарына қатысты ештеңе жасамады. Қазіргі таңда станция біздің жеке басқаруымызда және заңға сәйкес жұмыс жалғасуда, оны коммуналдық меншікке беру алгоритмін жүзеге асырамыз, - деді әкім.

Ахметов Маралды ауылында алтын өндіру кәсіпорнының құрылысына қатысты сұрақтарға да жауап берді. 

Маралды ауылында алтын өндіру кәсіпорнының құрылысына қатысты жағдайға келетін болсақ, мұнда да ҚР Заңдары шеңберінде қатаң әрекет ететін боламыз. Сұрақтар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Экология министрлігіне жолданды. Толық талдаудан кейін түпкілікті шешім қабылданады, - деді ол.

Өңір басшысы аймақта денсаулық сақтауды дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.

Жалпы, денсаулық сақтауды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, гематологиялық орталықтың құрылысы және ауыл медицинасын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Біз ана өлімінің көрсеткіштерін төмендете алдық. Сондай-ақ өңірде жолдарды салу және реконструкциялау, тұрғын үй құрылысы белсенді түрде жүзеге асуда. Білім беру саласында "Жайлы мектеп" республикалық жобасын және "Қонақ отбасы" ауызекі қазақ тілін оқыту бойынша пилоттық жобамызды іске асырып жатырмыз. Жалпы, брифинг өте қызықты өтті, журналистер қауымы өмірдің барлық салалары мен халықтың өмір сүру сапасына қатысты шын мәнінде маңызды сұрақтар жолдады. Өз кезегінде мен БАҚ өкілдеріне әрқашан объективті болып, ең басты құндылығымыз - бейбітшілік пен келісім туралы кеңінен ақпарат беру туралы ұсыныс еттім, - деп түйіндеді Даниал Ахметов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Риддер әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы