«Ешқашан берілме»: Трамп өзінің кроссовкаларын шығарды

Трамп сот оны алаяқтық үшін кінәлі деп тапқаннан кейін бір күнде үш түрлі кроссовкалардың жеке желісін іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN арнасына сілтеме жасап.

Never Surronder – «Ешқашан берілме» кроссовкалар желісінің тұсаукесері Филадельфияда өтті. Ал бір күн бұрын Нью-Йорктегі судья Трампты азаматтық іс бойынша алаяқтық үшін кінәлі деп тауып, оған және оның компанияларына шамамен 355 миллион доллар төлеуге міндеттеді.

Ол соңғы 12-13 жылдан бері кроссовкалар желісін дайындап жүргенін айтып жүргенін айтты. Олар интернетте 399 долларға сатылады.

Нью-Йорк соты Трампты азаматтық іс бойынша алаяқтық үшін кінәлі деп таныған. Ал Трампқа қарсы алғашқы қылмыстық сот 25 наурызда басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы