Ешқандай шағым алған жоқпыз – Палестина елшісі сайлау туралы

Палестина Мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың Дуайені, жоғары мәртебелі доктор Абузеид Монтасир сайлау жақсы ұйымдастырылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кеше бірнеше сайлау учаскесіне бардық. Сайлаудың жақсы ұйымдастырылғанын байқадық. Құқық бұзуды байқаған жоқпыз. Адамдар ерекше көңіл-күймен келіп, өз еркімен дауыс берді. Ешқандай шағым алған жоқпыз, - деді дипломат.

Ол елімізде осымен бесінші рет халықаралық бақылаушы ретінде жұмыс істегенін айтты. Ол ҚР Президентін сайлауында, Парламент сайлауында және референдумда халықаралық байқаушы болған.

Қазақстан халқын табыс экономикалық және саяси реформалармен құттықтағым келеді. Қазір бұл реформалар елде жүргізіліп жатыр. Қазақстандықтарға бейбітшілік, қауіпсіздік және гүлдену тілеймін, - деп ойын айтты Абузеид Монтасир брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы