Ешқандай диетасыз 100 келі салмақ тастаған адам құпиясымен бөлісті
24 жастағы Ұлыбритания азаматы Гарри Спаканья ешқандай қатал диета мен ашығусыз-ақ 100 келіге жуық салмақтан арылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
The Sun басылымының мәліметінше, Спаканьидің бұған дейін салмағы 190 келі болған. Бойы 185 сантиметрді құрайтын ер адам оның тамақтану рационы шектен тыс зиянды заттардан тұрғанын айтты. Психикалық денсаулығында кінәрат бар ол жан тыныштығын тамақтан іздеген.
Гарри мұндай күйіне алаңдаған досымен әңгімелескен соң өмір сүру салтын өзгертуге бел байлайды. Осылайша, Спаканья артық салмақтары бар ер адамдар ойнайтын футбол командасына мүшелікке өтеді.
Айтуынша, командасының қолдауы артық салмақпен күрес жолындағы негізгі сәтке айналған.
Арада бес ай өткенде әжептеуір салмақ тастаған ол жаттығу залына барып, бұлшықет массасын жинауға кіріскен.
Бір жарым жыл ішінде Гарри 90 келіден астам артық салмағымен қош айтысты.
Қазір оның салмағы 90 келі шамасында, әлі де болса 7 келі салмақ тастауға ниетті. Сонымен қатар ол тамақты эмоцияларымен күрес құралы ретінде қолданбайтынын, қазір өзін әлдеқайда сенімді сезінетінін жеткізді.
Мен үрейлеріммен тамақтың көмегінсіз күресуді үйрендім. Бұл сымбатымды өзгерте отырып жеткізген бойымдағы сенімділік пен күштің арқасында мүмкін болды, - деп ағынан жарылды Спаканья.
Еске салайық, бұған дейін суды көп ішіп қойған ер адам қайтыс болды.