Ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайды – Президент

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА-ның «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының Пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚХА-ның кезекті сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әрбір азамат өз болашағын Қазақстанмен тығыз байланыстыруы керек екенін айтып, халқымыз біртұтас ел болып тұра алатынын жеткізді.

Ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайды. Қоғамда мұндай ұстанымға сай бөлектенуге жол берілмейді. Әрқайсымыз – Қазақстан атты қасиетті қара шаңырақтың перзентіміз. Бәріміз – бүгінгі өмірі және болашағы – бір бауырлас азаматтармыз, - деді Президент.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы