«Ешкімді шошытпаймыз». Жамаубаев кәсіпкерлердің аударымдары жайында
Премьер-министрдің орынбасары -Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мобильді аударымдардың қалай тексерілетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жамаубаевтың түсіндіруінше, бәрі қарапайым. Егер азамат кәсіппен айналысатын болса, онда ол мобильді аударымдар үшін бөлек шот ашуы керек.
Бізге қандай аударымдарды жеке мақсаттарға және қандай аударымды іскерлік мақсатта жібергенін ажыратуымыз керек. Егер бұл аударым кәсіпкерлік бағытта аударылса, әрине мұндай айналымға салық салынады. Негізі бұны 2022 жылдан бері айтып келе жатырмыз. Қазіргі таңда екі шот ашып алған кәсіпкерлік қызмет өкілдері бар, кейін оларға сұрақ та болмайды. Ал мұндай аударымға көшпеген кәсіп иелеріне айтарым, 2025-2026 жылдары сұрақ туындауы мүмкін, - деді Жамаубаев.
Ал мұны жасамағандар 2025-2026 жылдары салық төлеуі мүмкін.
Біз жеке кәсіпкерлерді олай шошытпаймыз. Сөзімде айтқанымдай, 2025 жылға дейін ешқандай айыппұл болмайды. Өйткені сол жылы жалпы декларацияны аяқтайтын боламыз, - деді Қаржы министрі.