Ешкімде жоқ тағы бір қызмет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде жаңа ұялы байланыс түрі іске қосылды. Ол банктік қолдау қызметіне тегін қоңырау шалуға мүмкіндік береді.
Forte-нің эксклюзивті ұялы байланысы екі тарифпен ұсынылады, атаулары төлем карточкалары түрінен алынған – Gold және Platinum.
Біз серіктесіміз Beeline Қазақстанмен бірге керемет ұсыныстар жасап отырмыз. Біздің тарифтерімізбен минуттар мен интернеттің жетіспеушілігін сезінбейсіз. Егер тұтынушы біздің банктік өнімдерімізді белсенді қолданатын болса, бірегей бонустар мен қызметтерге қол жеткізеді, - дейді жоба менеджері Алена Ахметова.
Қызметтер қатарына шығыс қоңырауларға арналған ақысыз минуттар, интернет-трафиктер, сонымен қатар әлеуметтік желілер, лездік хабарламалар, KAZNET және басқа да қызметтерге шектеусіз трафиктер кіреді.
Жаңа ұялы байланыста ешкімде жоқ тағы бір қызмет бар, ол – банктік қолдау қызметіне ақысыз роуминг қоңыраулары. Айтпақшы, мобильдік қосымша интернет-трафиксіз, яғни ақысыз жұмыс істейді. Мәселен, сізге сапарға бару үшін картадағы лимитті ұлғайту немесе жақын адамдарыңызға ақша аудару қажет болса, ғаламтор көзін пайдаланудың қажеті жоқ.
Банктің Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы кез келген бөлімшесі арқылы Fortimobile нөмірін ресімдеуге немесе өз нөміріңізді Fortimobile нөміріне портациялауды жүзеге асыруға да болады.
Абоненттің нөмірі мен карта нөмірі бірдей болған кезде ForteMobile SIM картасы мен ForteBank төлем карточкасынан тұратын шектеулі жиынтық ұсынылады. Жаңа ұялы байланыс қызметінің іске қосылу құрметіне Forte кішкене сыйлықтар дайындады.