Әзірге ешқандай заңсыздықтар орын алған жоқ – бақылаушы
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық патриоттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан бақылаушы болып тіркелген Серікхан Ателов Түркістан қаласы, №2 жалпы орта білім беру мектебінде орналасқан №881 сайлау учаскесінде әзірге ешқандай заңсыздықтар орын алмағандығын айтты.
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы Түркістан қаласындағы №881 сайлау учаскесінде де қызу өтіп жатыр. Күннің ыстығына қарамастан сайлауға келіп жатқан адамдар кандидаттарды таңдау үшін бюллетенді алып кабинаға кіріп жатса, ал кейбірі бүктелген дауыс қағазын урнаға тастап жатты. Сайлау барысының әділ өтуін, заң бұзушылықтарын болдырмас үшін отырған бақылаушылар дауыс берудің нәтижесін қадағалап отырды.
«Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық патриоттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің бақылаушысы Серікхан Ателов түске дейін учаскеде ешқандай заң бұзушылықтың болмағанын атап өтті.
«Қазірге дейін бізде бәрі дұрыс. Сайлау учаскесінде ешқандай әділетсіздік орын алып жатқан жоқ. Ешқандай қарсылығымыз жоқ, барлығы жақсы. Әзірге өрескел заң бұзушылықтар болмады. Бұл жер жаңадан ашылған учаске болғандықтан адамдар аз келіп жатыр. Кейбір осында сайлауға келген кісілер «бізді хабарландырмады» деп наразылықтарын айтып жатыр. Ал мұндағылар смс арқылы барлығының телефондарына хабарлама жібергенін айтуда. Бүгінгі саяси науқанның нәтижесі кешке дейін қалай болатынын көреміз. Себебі, сағат сегізге дейін әлі уақыт бар», - деді Серікхан Ателов.
Айта кетейік, Түркістан қаласындағы №881 сайлау учаскесіне 2328 сайлаушы тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін ШҚО-да 363 көпбалалы ана өз таңдауларын жасады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы