+2

ESG маманы: Келешек ұрпақ қандай Қазақстанда өмір сүреді?

ESG маманы: Келешек ұрпақ қандай Қазақстанда өмір сүреді?

"Мінбер" жобасының кезекті шығарылымы елімізде енді ғана енгізіліп жатқан ESG стандартына арналып отыр. ESG – бұл кез келген компанияның қоршаған ортаға және қоғамға әсерін, сондай-ақ корпоративтік басқаруының сенімділігі мен ашықтығын өлшейтін стандарттар жиынтығы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің елде бұл стандарттарды енгізумен айналысып жүрген жан – Арай Серікжанова. Ол әртүрлі салада кеңес беру бойынша кең көлемде жұмыс істеген, корпоративті басқару, тұрақты даму және гендерлік теңдікке маманданған тәжірибелі ESG маманы. 

Арай Қазақстанның энергетика секторында халықаралық ESG стандарттарын интеграциялау және инклюзивті басқару тәжірибелерін насихаттау бойынша маңызды рөл атқарады. 

Сондай-ақ Серікжанова жастарды қолдау және олардың белсенділігін арттыру бағытында жұмыс істейді. Ол Дүниежүзілік экономикалық форумның Global Shapers Қоғамдастығының Астана хабындағы вице-кураторы. Арай биыл Қазақстан атынан Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысып, баяндама жасаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы